Тұрғындар наурызда 2900-ге жуық алтын құйма сатып алды

Тұрғындар наурызда 2900-ге жуық алтын құйма сатып алды

Ұлттық банк халыққа тазартылған алтын құймаларды сатуды 2017 жылы қолға алды. Одан бері жалпы салмағы 1,79 тонна болатын 50 200 алтын құйма сатылды.

Алтын құймалардың 5, 10, 20, 50 және 100 грамм - бес түрлі салмақта бар. Тазартылған алтын құймалардың ішінде ең көп сұранысқа ие болғаны – 10 грамдық құйма. Жалпы сатылымдағы оның үлесі 30% – 15 184 дана. Одан кейін 20 грамдық құйма – 10 976 дана (22%) және 100 грамдық құйма – 10 964 дана (22%), 5 грамдық құйма – 7 305 дана (15%), 50 грамдық құйма – 5 771 дана (11%). Өлшенген құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында сұранысқа ие.