Биыл ең ұзақ және ең қысқа ораза ұстайтын қай елдер?
Биыл ең ұзақ және ең қысқа ораза ұстайтын қай елдер?
582
оқылды

Ораза ұстау мерзімі көп елде қатар келгенімен, ауыз бекіту ұзақтығы әртүрлі. Кей елде ораза ұстау ұзақтығы шамамен 18 сағатқа созылса, ең қысқасы - 12,5 сағат.

Aikyn.kz оразаны ең ұзақ және ең қысқа уақыт ұстайтын елдерді анықтады.

Биыл ең қысқа уақыт ораза ұстайтын ел - Аргентина

Nachedeu сайтының хабарлауынша, сәресі мен ауыз ашар арасындағы ең қысқа уақыт Аргентинаның Ушуая қаласында.  Бұл қалада ораза ұстау уақыты - 12 сағат 23 минут. Ушуаяда Күн 6:23-те шығып, 18: 46-да батады. 12 сағат: Чили мен Бразилия Чилидің астанасы Сантьягодағы ораза ұстау ұзақтығы - 12 сағат 41 минут. Ал Рио-де-Жанейрода -  12 сағат 51 минут. Экватордың айналасында орналасқан елдерде оразаның орташа ұзақтығы - 13 сағат. Сәресі мен ауыз ашар арасындағы уақыт Танзанияда - 13 сағат 8 минут, Филиппинде - 13 сағат 39 минут, Йеменде - 13 сағат 47 минут, Үндістанның Хайдарабад қаласында - 13 сағат 48 минут, АҚШ-тың Майами қаласында - 13 сағат 49 минут және Үндістанның Керала штатында 13 сағат 56 минут. Индонезияда 2021 жылғы Рамазан оразасының ұзақтығы шамамен - 13 сағат. 14 сағат: Үндістан мен АҚШ-тың аумағы үлкен болғандықтан онда ораза ұстайтын уақыты ұзақ қалалар да бар. Мысалы, Нью-Делиде 14 сағат 33 минутқа, ал Нью-Йорк пен Лос-Анджелесте 14 сағат 34 минут 36 минутқа созылады. Ал Араб түбегі елдерінің тұрғындарының орташа ораза ұстау уақыты - 14 сағат. Бұл санатта 2021 жылғы Рамазан айында ең ұзақ ораза ұстау уақыты Италияда - 14 сағат 58 минут. Еуропа елдерінде ораза ұстау уақыты ұзағырақ - 15 сағат. Парижде - 15 сағат 18 минут, Лондонда - 15 сағат 21 минут, Эдинбурге - 15 сағат 43 минут. 16 сағат: Дания, Ресей, Германия, Швеция, Аляска Сәресі мен ауыз ашар арасындағы уақыт Копенгагенде 16 сағат 2 минутқа, Берлинде 16 сағат 15 минутқа және Швецияның Лулео қаласында 16 сағат 52 минутқа созылады. Мәскеуде ораза ұстау уақыты - 16 сағат 11 минут. Ал Аляска штатының астанасы Анкоридж тұрғындары 16 сағат 57 минут ораза ұстайды. 17 сағат: Норвегия, Финляндия, Аляска, Швеция, Исландия Норвегия мен Финляндияда ораза ұзақтығы 17 сағат 19 минутқа дейін барады. Алясканың Фэрбенкс қаласында және Швеция астанасы Стокгольмеде сәресі мен ауызашар арасы  17 сағат 24 минутқа дейін созылады. Содан кейін Исландияның екі қаласында - Рейкьявик пен Шпицбергенде ораза ұстау уақыты - 17 сағат 39 минут және 17 сағат 51 минут.

2021 жылғы ең ұзақ ораза Ресейдің Мурманск қаласында.

Онда түн алты сағатқа ғана созылады. Күн 2:43-те шығып, 20:38-де батады. Биылғы Рамазан айында Мурманск тұрғындары шамамен 18 сағат, дәлірек 17 сағат 55 минут ораза ұстайды. Айта кетейік, бұған дейін биылғы ораза туралы маңызды он сұрақтың жауабын жазған едік. Сұрақтарға ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар жауап берді.