Қазақстандықтар бір жылда букмекерлік кеңселерге 79 млрд теңге салып жіберген
Қазақстандықтар бір жылда букмекерлік кеңселерге 79 млрд теңге салып жіберген
351
оқылды

«Қазақстандық отбасылар – 2020» ұлттық баяндамасында жарияланған сауалнамаға сәйкес, әрбір бесінші ерлі-зайыптының бірі құмар ойынға деген тәуелділігінің кесірінен ажырасып жатыр. Ал GamCare Services мәліметінше, өзіне-өзі қол салып, суицидке баратындардың 13 пайызы казинода ұтылғандар екен.

Бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құмар ойынға тәуелділікті психикалық ауытқушылық деп тауып отыр. Сондықтан 2022 жылдан бастап құмар ойынға деген құштарлық Халықаралық аурулар классификациясына енеді. «Жалпы, адамдардың құмар ойынға деген қызығушылығы бұрыннан бар. Алайда пандемияның салдарынан бәрі карантинге жабылып, ел-жұрт қозғалыссыз, үйден шықпай қалғанда ойынға деген құмарлық екі есе арта түсті. Оның үстіне, бәрі онлайнға көшіп, қолжетімді бола түсті. Ән тыңдасаңыз да, кино көрсеңіз де букмекерлік кеңселердің жарнамалауынсыз өтпейді. Сондықтан қазір букмекерлік кеңселер әр үйдің ішінде, төсегінің басында деуге болады», –  деді психотерапевт Павел Александрович.

Маманның айтуынша, ойынға құмартып кеткен жанның есіл-дерті жеңіс емес, ойын барысында алған әсерін қайта сезінгісі келеді. «Олар «осы жолы – жеңуім керек» деп сөзді желеу еткенімен, түпкі мақсаты жеңіске жету не болмаса ұтылған дүниесін шығарып алу емес. Ойын барысында уайым, қорқыныш, қуаныш секілді алай-дүлей сезімге бойын алдырып, сезіну адамға ләззат әкеледі. Сондықтан ол жеңілсе де, ойнын тоқтатпайды» деп түсіндірді психотерапевт.

Мысалы, 2020 жылдың желтоқсанында ҚР ҰҚК атышулы «Олимп» букмекерлік кеңсенің қызметін тоқтатып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотқа дейінгі тергеуге алынған. Осыған қарамастан, компания жұмысын жалғастырып, ставкаларды қабылдады. Тіпті, олар лицензиясының тоқталғанын жоққа шығарып, ойыншыларға ұтысын төлеген. Әлі күнге дейін компания басшылары халықаралық іздеуде. Алматыда прокурорлар сот үкімі шыққанға дейін олардың мүлкін – төрт ұшақ пен 3,6 миллиард теңгені тәркіледі. Қызығы, букмекерлік кеңсенің есепшісі мемлекетке аса ірі мөлшерде зиян келтірді деген күдікпен Черногориядан Қазақстанға әкелінді.