Жапония Фукусимадағы АЭС суын Тынық мұхитына төгеді
Жапония Фукусимадағы АЭС суын Тынық мұхитына төгеді

Ел премьер-министрінің хабарлауынша, бұл реакторларды жою үшін қажет, – деп жазады 24.kz.

Болжам бойынша дайындық жұмыстары 2 жылға дейін созылмақ. Мамандар су қоймаларында жиналған 1,5 млн тонна лас судың тазартылғанын және оның қоршаған ортаға еш зияны жоқ екенін айтады. Бірақ биліктің бұл шешіміне жергілікті тұрғындар ғана емес, Оңтүстік Корея мен Қытай халқы да наразы. Жапония билігі болса барлық қауіпсіздік шаралардың сақталатынын айтып, халықтың алаңдауына негіз жоқ деп отыр.