«Бриллиантовая рука» фильміне түскен актриса қайтыс болды
«Бриллиантовая рука» фильміне түскен актриса қайтыс болды
153
оқылды
Мәскеуде театр және кино актрисасы Серафима Холина қайтыс болды. Бұл туралы Mash Telegram-каналы хабарлады. Актрисаның қызы Людмила Голубицкая анасын Вернадский даңғылындағы пәтерінен өлі күйінде тауып алған. Актриса 97 жаста болған.  Әзірге неден қайтыс болғаны белгісіз. Өткен жылы Голубицкая Starhit басылымына берген сұхбатында актрисаның Альцгеймер ауруымен ауыратынын  және ештеңе көрмей қалғанын айтқан болатын.
«Анам үйде отырады. Көбінесе теледидар көреді, жаңалықтарды жақсы көреді», — деді ол.
Серафима Холина 1923 жылы 23 тамызда Мәскеуде дүниеге келген. «Бриллиантовая рука», «Иван Бровкин на целине», «Метель», «Жених с того света», «Вызываем огонь на себя» және «Доброе утро» фильмдеріне түсіп, көрермен сүйіспеншілігіне бөленген.