Шет елден келетін қазақстандықтар ПТР-анықтамасыз ұшақ бортына отырғызылмайды
Шет елден келетін қазақстандықтар ПТР-анықтамасыз ұшақ бортына отырғызылмайды
117
оқылды
Бас мемлекеттік санитар дәрігер - денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысына сәйкес, енді теріс нәтижесі бар ПТР-анықтама ұсынбаған жолаушылар әуе кемесінің бортына отырғызылмайды. Осылайша шет елден Қазақстанға келетін рейстерге қатаң шектеу қойылды. Бұған дейін ПТР-анықтама тек Қазақстанға келетін шетелдік азаматтарға міндеттелсе, енді бұл ереже шет елден келетін барлық азаматтарға қатысты болмақ. Әдеттегідей анықтама үш күнге (72 сағат) жарамды.
«Карантиндік шараларды күшейту туралы шешімдерді облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері, ҚР Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары қабылдайды. Карантиндік шараларды босаңсыту туралы шешімді қалыптасып жатқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қабылдайды», - делінген қаулыда.
Еске сала кетейік, 12 сәуірде Қазақстанға шет елден келген 3661 жолаушының 21-інде ПТР-анықтама болмаған.