Әкімдер сайлауын өткізуге шамамен 17,6 млрд теңге қажет

Әкімдер сайлауын өткізуге шамамен 17,6 млрд теңге қажет

Аудандық маңыздағы қалалардың, ауылдар мен кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауын өткізуге алдағы 2 жылда, яғни 2021-2022 жылдары Орталық сайлау комиссиясы арқылы қаржыландырылады. Бұл туралы Мәжілісте сайлау туралы заңнамаға енгізілетін түзетулерді таныстыру кезінде Ұлттық экономика вице-министрі орынбасары Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді. Ал 2023 жылдан бастап бұл шығындар жергілікті бюджет шығындарының тізбесін қосылып, жалпы сипаттаға трансферттердің қатарына енгізіледі. Вице-министрдің айтуынша, әкімдер сайлауын өткізуге шамамен 17,6 млрд теңге қажет. Биыл соның ішінде 4,8 млрд теңге 800-ден астам әкімді сайлауға бөлініп отыр.