Белгілі спортшы 5 адамды атып өлтіріп, өзіне қол салды
Белгілі спортшы 5 адамды атып өлтіріп, өзіне қол салды
Ұлттық футбол лигасының бұрынғы ойыншысы Филип Адамс бес адамды атып өлтіріп, содан кейін өзіне қол салды, деп хабарлайды Eurosport.ru Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа қарағанда, Филип Адамс 70 жастағы атақты дәрігер Роберт Лесслиді, сондай-ақ оның 69 жастағы әйелі Барбараны және олардың немерелері 9 жасар Ада мен 5 жасар Нухты атып өлтірген. Спортшы Лессли жанұясының қызметкері 38 жастағы Джеймс Льюисті де өлтірген. Одан бөлек, тағы бір адамның жағдайының ауыр екені белгілі болды. Йорк округінің шерифі Кевин Толсонның айтуынша, сәрсенбіде болған атыс кезінде 45 және 9 мм. калибрлі қарулар қолданылған. Шериф оқиға болған жерден табылған айғақ заттар арқылы полиция қызметкерлері Адамсты тауып алғанын айтады. Оның айтуынша, тәртіп сақшылары Адамстың ата-анасының үйіне барып, оларды эвакуациялаған, содан кейін футболшыны үйден шығаруға тырысқан. Алайда спортшы жатын бөлмесінен өлі күйінде табылған. Алдын ала болжам бойынша, Филип Адамс өзіне қол салған. Спортшының не себепті қылмысқа барғаны белгісіз.