Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдің балконы көлікке құлады
Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдің балконы көлікке құлады
130
оқылды
Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдің балконы құлады. Балконның бетон плитасы мен кірпіштері үйдің алдында тұрған көліктің үстіне түсті, - деп хабарлады Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Келеңсіз жағдай бүгін сағат 14:42 облыс орталығындағы Кенесары көшесі, 25 мекенжайы бойынша орналасқан 5 қабатты тұрғын үйде болды.
«Анықталғандай, көппәтерлі тұрғын үйдің ең жоғары 5 қабатындағы пәтердің балконы құлаған. Оқиға орнына ТЖД 3 техникасы мен 14 қызметкері барып, құлаған балконның орнындағы кірпіш сынықтарын тазалады. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ», - делінген хабарламада.