Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
5,066
оқылды
"Қазгидромет" РМК еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады. Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі.  Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Түркістан қаласында 14 сәуірде күннің соңында найзағай болуы мүмкін. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, найзағай күтіледі. 14-16 сәуірде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.