Тағы да жалған ақпарат
Тағы да жалған ақпарат
5,100
оқылды

WhatsApp мессенджерінде Toyota компаниясының 100 жылдық мерейтойына орай автокөлік ұтысын өткізіп жатқаны туралы ақпарат тарады. StopFake сайтының хабарлауынша, брендтің Алматы мен Нұр-Сұлтандағы ресми дилері ақпаратты жоққа шығарған.

Toyota-ның Алматы мен Нұр-Сұлтандағы ресми дилері «Астана Моторс» компаниясы ұтыс туралы ақпаратты жоққа шығарды. Сондай-ақ StopFake компанияның 100 жылдық мерейтойы 2037 жылы екенін ескертті. «Желіде Toyota брендінің 100 жылдығына орай сыйлықтар ойнатылатыны туралы жалған хабарлама тарап жатыр. Сіздерді алаяқтардың іс-әрекеттеріне берілмей тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз. Акциялар, жүлделер ұтысы және т.б. арнайы бағдарламалар туралы ақпарат компанияның ресми ресурстарында жарияланады. Хабарлама мессенджерлер арқылы таратылмайды», – деді компанияның PR қызметі өкілдері. StopFake редакциясы қымбат жүлделерді желідегі белсенділік үшін көбінесе алаяқтар ұсынатынын, шын мәнінде тек жеке деректерді ұрлау үшін жасалатынын жазған. Мұндай кибершабуыл схемасы фишинг деп аталады.

А.ЖОЛДАС