Әлеуметтік пәтер саны 9 есе артады
Әлеуметтік пәтер саны 9 есе артады
119
оқылды

Кейінгі жылдары елордада әлеуметтік пәтерлер саны артқан. Былтыр қалада 7 мыңнан астам әлеуметтік пәтер салынған. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді.

«Елорда аудандарын «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер жоспары аясында дамытып жатырмыз. Аудандар полиорталық қағидатына сай дамып жатыр. Яғни, қажетті әлеуметтік нысандар жаяу қашықтықта орналасқан. Бүгінгі таңертеңгілік аралау барысында бірқатар жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй құрылысының барысымен таныстым» деп жазды қала әкімі А.Көлгінов. Әкімнің айтуынша, ол тиісті мекемелерге үйлердің сапасына, абаттандыруға ерекше назар аударуды, құрылыс қарқынын төмендетпеуді тапсырған. Сапасыз жұмыс қабылданбайды. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй көлемін ұлғайту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатырмыз. Биыл көрсеткішті 10 мың әлеуметтік пәтерге дейін көтеру жоспарда бар. Көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 9 есеге артады», – деді әкім. Жалпы, қалада 2019 жылы 2 900 әлеуметтік пәтер салынып, пайдалануға берілсе, 2020 жылы 7 мыңнан астам пәтер салынған.

Айбике ЖАНАСЫЛ