Балық қырылып жатыр
Балық қырылып жатыр
103
оқылды

Қарағанды маңындағы Узенка ауылында балық қырылып жатыр. Белсенділер әлеуметтік желіде видео жариялап, жағдайға бейжай қарамауды сұраған.

Видеода көрсетілгендей оқиға «Ясная сказка» демалыс үйінің жанындағы су қоймасында болған. Жергілікті балықшылар судағы балық оттегі жетіспеушілігінен қырылуы мүмкін екенін айтқан. Олардың сөзінше, қыста демалыс аймағының иесі су бетіндегі мұзды оюға рұқсат бермеген. Алайда балық инспекциясы балықшылар тұжырымымен келіспейтінін айтқан. Нұра-Сарысу облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Абай Әлжановтың айтуынша, су айдынында жалға алушы қысқы кезеңде тұманға қарсы шара жүргізген. Қазір балықтың қырылу дерегі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. «Тексеру нәтижелері бойынша балықтың не себепті өлгені анықталады. Зиян заттар табылуы мүмкін. Мүмкін басқа нәрсе. Қажетті сараптамалар жүргізілгеннен кейін қорытынды жасауға болады», – деді Абай Әлжанов. Қарағанды облысы Экология департаментінің қызметкерлері де оқиға болған жерге барған. Олар зертханалық зерттеу үшін су сынамаларын алған. Нәтиже 20 күнде дайын болады.

А.ЖОЛДАС