Өтініш иесін жұмысқа орналастырды
Өтініш иесін жұмысқа орналастырды
164
оқылды

«Nur Otan» партиясы Жылыой аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтінішін айтып келген Т.Бітімалиев аудандық мәслихат депутаты А.Мұқановтың қоғамдық қабылдауында болды.

Қабылдау барысында ол қазір жұмыссыз екенін, алайда жұмыспен қамту бөлімінде бірнеше жыл тіркеуде тұрғанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, бірінші некедегі жұбайы онкологиялық дертке шалдығуына байланысты денсаулығы нашарлап кеткен. Балалары бар. Кейін екінші рет үйленіп, одан бір баласы бала жастан мүгедек болып туған. Екінші некедегі жұбайы да онкологиялық дертпен ауырады. Сөз арасында Т.Бітімалиев бірінші отбасы өзінің ата-анасымен тұратындықтан, екінші отбасымен пәтер жалдап тұратынын айтты. Қиыншылық өмірінен түңілген, жұмысқа мұқтаж азамат осы қиындықты жеңуге, жұмысқа орналасуға көмек жолдарын сұрады. Науқас жолдасы мен мүгедек баласы бар, екі бірдей отбасының асыраушысы болып саналатын азаматтың әлеуметтік қиын жағдайын ескерген аудандық мәслихат депутаты А.Мұқанов аудандық жұмыспен қамту орталығынан мәліметтер алып, мәселенің мән-жайын жан-жақты зерделеді. Нәтижесінде, «Мұқан Сервис» мекемесіне ағаш ұстасы мамандығына тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бұл азаматтың тұрақты жұмысқа орналасуы екі бірдей отбасындағы тұрмыстық жағдайға оң ықпалын тигізері анық. Мәселе оңтайлы шешімін тауып, тұрғын партиялықтарға алғысын жеткізді.

Әбілмансұр ЖАСАН