Антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек қана оңтүстік және оңтүстік-батыста жаңбыр, найзағай күтіледі. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.
Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі, түнде кей жерлерде желдің күшеюі, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с болады. Маңғыстау, Атырау облыстарында күндіз шаңды дауыл 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Түркістан облыстарында, Алматы облысы Жалаңашкөл аумағында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерінде тұман болады. Ақмола, Қостанай, түнде Павлодар облысында тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында тұман, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады.