Шымкентте дәмханада бір-біріне оқ атып, адам өлтіргендер сотталды
Шымкентте дәмханада бір-біріне оқ атып, адам өлтіргендер сотталды
5,097
оқылды

Оның жанындағы серігі 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Қазір тағы екі күдікті іздестіріліп жатыр, – деп хабарлайды КТК.

 Судья Әбинұр Қарабаев: «Атыстан бір азамат дәмхана ішінде көз жұмды. Оның жанында болған екі жігіт ауыр жарақат алса, тағы біреуі орта дәрежеде жарақаттанған. Сотталушыларға ауыр айып тағылды. Екеуі де жазасын тәртібі барынша қатаң колонияда өтейді», – деді.

Қылмыс 2019 жылдың күзінде болған. Қылмыскерлер өзара ақша бөлісе алмай атысқан. Бір топ басбұзар қаржы пирамидасын құрып, салымшыларды алдаған әйелге қысым көрсетіпті. Салған ақшаны қайтаруды талап еткендер қарсы тарапты дәмханаға шақырған. Қаржы пирамидасын құрған басшы да қарап тұрмай, өзінің таныстарын ерте келген. Ақыры екі жақтың әңгімесі жараспай, кафеде бір-біріне оқ жаудырған. Атыстан бір адам өліп, тағы үшеуі жарақат алған.