900 миллион доллар өтемақы төлегенше, Ever Given кемесі Суэц каналында қалатын болды
900 миллион доллар өтемақы төлегенше, Ever Given кемесі Суэц каналында қалатын болды

Биыл наурызда Ever Given  жүк кемесі Суэц каналын бөгеп, орта жолда тұрып қалып, әлемдік сауда айналымына қыруар шығын әкелді. Енді кеменің иесі өтемақы төлемейінше, кеме канал әкімшілігінің қолында қалады, – жазды inform.kz.

БАҚ-тың хабарлауынша, сот шешімі бойынша Ever Given кемесінің иесі жапондық Shoei Kisen компаниясы Суэц каналының әкімшілігіне 900 млн АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлемейінше кеме сонда қала береді. Суэц каналы әкімшілігінің басшысы Усма Рабидің айтуынша, Ever Given-нің каналда тұрып қалғанынан келген барлық шығын өндірілуі тиіс.

Бұған дейін Суэц каналындағы қайраңға тұрып қалған Ever Given кемесін каналды тереңдетіп қазып шығарғанын жазған болатынбыз.