Ресми мәлімет бойынша, 12 сәуірде коронавирустан 26 адам қайтыс болды. Оларда ПТР-тест арқылы вирус табылды. Ал тест сынамасы теріс нәтиже көрсеткен, бірақ коронавирустың анық белгілері бар пневмониядан 5 науқас көз жұмды.
Ал 14 сәуірдегі жағдай бойынша 35 821 адам короновирус инфекциясынан (35 322 КВИ+ және 499 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 482 пациент стационарда, 23 339 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 579 адамның жағдайы ауыр; 162 пациенттің жағдайы өте ауыр; 117 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.Жалпы, пандемия басталғалы бері Қазақстанда коронавирус жұқтырған 276 054 адам тіркелді. Олардың басым бөлігі жазылып шықты. 3 286 науқас қайтыс болды. Ал ковидтік пневмонияға 51 539 адам шалдығып, 736 пациент көз жұмды.