59 жастағы елордалық алаяқтың құрбаны болды

59 жастағы елордалық алаяқтың құрбаны болды

Елордалық әйел әлеуметтік желіде танысқан ер адамды тонап кетті, - деп хабарлады қалалық полиция департменті.  59 ер адам полицияға арызданып, өзін тонап кеткенін айтқан. Айтуынша, 46 жастағы әйелмен «Друг вокруг» мобилді қосымшасы арқылы танысқан. Әйел ер адамды кездесуге шақырған. Олар жалдамалы пәтерде кездескен. Ер адам жуынатын бөлмеге кіріп кеткенде әйел оның кұртешесінің қалтасынан 125 мың теңгені ұрлап алып, пәтерден қашып кеткен. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасы кезінде күдіктіні ұстады. Ол істеген ісін мойындады. Оның елорда аумағында болған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Әйел жәбірленушіге ұрлап алған ақшасын қайтарып берді.