UFC-де тағы бір қазақ
UFC-де тағы бір қазақ
136
оқылды

Қытайлық файтер Сайран Нұр­дан­бек (19-6) 22 мамырда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC турнирінде дебют жасайды. Ол – этникалық қазақ.

26 жастағы жартылай жеңіл салмақ­тағы файтер UFC-мен сәуірдің басында келісімшарт жасасқан. Оның алғашқы қарсыласы аустралиялық Джошуа Кули­бао (8-1-1) болады, ол UFC-де екі жекпе-жек өт­кізіп үлгерген. Нұрданбек кәсіби ка­рьера­сын 2016 жылдың мамырында бас­таған. Алғашқы төрт жекпе-жегінде жеңіске жеткен, бірақ содан кейін қатары­нан екі рет жеңіліс тапты. Сайран­ның қоржынында тағы бірнеше қатары­нан алған жеңіс бар. Сайран үшін 2020 жыл өте сәтті бол­ды. Ол алты жекпе-жек өткізді, корона­вирусқа қарамастан барлығы Қытайда болған. Алты жекпе-жектің бесеуінде жеңіп, төртеуін мерзімінен бұрын аяқ­таған. Ал біреуінде нокаутқа түскен. Нұрданбек өткізген 25 жекпе-жектің 24-і Қытайда, біреуі шетелде, Моңғолияда болған. Этникалық қазақ нокаутпен тоғыз рет, сабмишенмен бес және төрешілердің шешімімен тағы бес рет жеңген. Ал жеңілістерге келетін болсақ, төрт рет сабмишендермен және бір-бірден нокаутпен және төрешілер шешімімен жеңіліс тапқан.

Айша ЕРСҰЛТАН