Коронавирус: Қазақстандық ғалымдар жануарларға арналған вакцина жасайды

Коронавирус: Қазақстандық ғалымдар жануарларға арналған вакцина жасайды

Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты жануарларға арналған коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Институт (БҚМҒЗИ) алдына жануарларға арналған COVID-19 қарсы вакцинаны әзірлеу міндеті қойылды. Жануарлардың да ауру жұқтыра алатынын және тасымалдаушы бола алатынын білеміз. Олардың адамдарға ауру жұқтырмауы үшін осындай вакцина қажет. Сондықтан институт алдына осы міндет қойылып отыр», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
15 сәуірде «QAZVAC» отандық вакцинасын клиникалық зерттеудің үшінші кезеңі аяқталады.