Қостанай облысында үш адам тракторда көз жұмды
Қостанай облысында үш адам тракторда көз жұмды
98
оқылды
Полиция қызметкерлері 13 сәуірде Қарасу ауданының маңындағы Комсомол ауылында болған жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.  Көрші ауылға жұмысшыларды тасымалдаған «К-744» маркалы трактор аударылып қалған.
«Тракторда 4 адам болған. Оның үшеуі көз жұмды, біреуі аман қалған. Оқиғаның себебі  тергеу барысында белгілі болады. «Astana Grand Trade» ЖШС қаза болғандардың отбасына көмек көрсетті», — деп хабарлады полицейлер.
Қазіргі уақытта тиісті сараптама тағайындалды және тергеу жүргізілуде.