Кәсіпкер құқығы қорғалды

Кәсіпкер құқығы қорғалды

«Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына «Абетанов» шаруа қожалығының өкілі Жанар Абетановадан жер мәселесінде әділдікке қол жеткізу туралы өтініш келіп түсті. 2018 жылы кәсіпкерге бизнесті дамыту үшін жайылымдық жер телімі берілді. 2 жылдан кейін Павлодар облысының прокуратурасы жердің заң бұзушылықпен берілгенін және мемлекетке қайтарылуы тиіс екенін анықтады. Өз кезегінде шаруа қожалығы бизнес-жобаны жүзеге асыруға 25 млн теңгеден астам қаржы салды. Партияға өтініш беруші облыстық мәслихат депутаты Гүлмира Нұрханованың қабылдауына жазылды. Қабылдау қорытындысы бойынша депутат облыстың «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен кәсіпкер құқығын қорғап, жер телімі мәселесін оң шешті.

- Біз көп қаражат жұмсадық және көкөніс өсірумен белсенді айналысамыз. Бүгін партияның қоғамдық қабылдауының, депутаттар мен кәсіпкерлер палатасының арқасында менің мәселем оң шешімін тапты, - деді Жанар Абетанова. - Өз кезегінде кәсіпкер партия мүшесі болуға және облыс орталығының мұқтаж тұрғындарына 250 кг көкөніс түрінде көмек көрсетуге ниет білдірді. Кәсіпкерден 30-дан астам отбасы, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы аналар көмек алды, - деді өңірлік филиал төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко.
Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысында партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 1741 адам жүгінген. Келіп түскен өтініштердің 41% оң шешілді. Өтініш берушілердің өтініштері ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін қолжетімді ортаны құруға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетуге, еңбек құқықтарының бұзылуына және басқаларға байланысты болды.