Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, 2020 жылы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі небәрі 0,1 п.т. артып, 4,9% болды.
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары басқа елдердегі осы көрсеткішті талдап, Қазақстанда ол әлемдегі ең төмен көрсеткіштердің бірі деген қорытынды жасады.Былтыр жұмыссыздар саны 8,2 мың адамға көбейді. Бір жыл ішінде жұмыссыздар санының орта жастағы (35-44 жас) адамдар арасында 103,8 мың адамнан 109,4 мың адамға дейін, сондай-ақ зейнеткерлік жас алдындағы (55-64 жас) адамдар арасында 49,5 мыңнан 54,9 мыңға дейін байқалды. Бұл ретте 29-34 жас аралығындағы жұмыссыздардың саны 4,2 мың адамға қысқарған.«Мәселен, АҚШ -та жұмыссыздық деңгейі соңғы жылы 4,4 п.т.-ға 8,1%-ға дейін, Канадада – 9,6% - ға дейін (+3,9 п. т.), Испанияда – 15,5%-ға дейін (+1,4 п.т.) өсті. ТМД-ның басқа елдерін қарастыратын болсақ, оларда жұмыссыздық деңгейінің жылдық «секіруі» байқалатынын атап өтуге болады, мысалы, Арменияда (+4 п.т.), Әзірбайжанда (+2,3 п.т.), Украинада (+1,7 п.т.), Өзбекстанда (+1,6 п.т.)», – деді орталықтың Стратегия және жобалық басқару департаменті директорының орынбасары Әлихан Қарабаев.
Карантинде көлік, өнер және ойын-сауық, әкімшілік және көмекші қызмет көрсету, тамақтану саласының қызметкерлері жұмыссыз қалған.