Дәрігерлер Алматыда ұшақ апатынан зардап шеккен әскери қызметкерге ота жасады
Дәрігерлер Алматыда ұшақ апатынан зардап шеккен әскери қызметкерге ота жасады
123
оқылды

Дәрігерлер мұндай отаның науқасқа алдағы уақытта тағы да жасалатынын айтты, – деп хабарлайды AstanaTV.

Ал екінші науқасты комбустиолог мамандар емдеп жатыр. 34 және 25 жастағы екі науқастың да жағдайы ауыр.

Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Сағи Бейсенбеков: «Жансақтау бөлімінде жатыр. Бірінің жағдайы орташа ауыр, екінші науқас тұрақты ауыр. Комбустиологтар күйік ауруларын емдеп жатыр. Дәрігерлер пациенттердің бірін аутодермопластикаға өз терісінің сау бөлігін терең жарақат орнын трансплантациялауға дайындап жатыр, бірінші кезең сәтті өтті», – деді.

Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиесілі АН-26 ұшағы Алматы маңында апатқа ұшыраған еді. Апат салдарынан борттағы төрт адам көз жұмды. Жарақат алған екеуі ауруханада жатыр.