Есіл өзені арнасынан асып, тасуы мүмкін
Есіл өзені арнасынан асып, тасуы мүмкін
161
оқылды

«Қазгидрометтің» Солтүстік Қазақстандағы филиалының мәліметінше, Есіл өзенінде орналасқан бақылау пункттерінің барлығында су деңгейінің көтерілгені тіркелді.

Ал оған құятын шағын өзендерде, Гусаковка елдімекені маңындағы Бабықбұрлық өзенін есептемегенде, керісінше, су деңгейі түсіп жатыр. Мәселен, Ақанбұрлық өзені бір тәулікте 62 сантиметрге, Шарық өзенінің суы 71 сантиметрге төмен түсті. Есіл өзені Покровка ауылының маңында 131 сантиметрге көтерілсе, Сергеевка қаласының маңында 285 сантиметрге дейін көтерілді. Петропавлдағы көрсеткіш – 49 сантиметр. Өңірдегі Үлкен Тораңғұл көлінің де тасу қаупі бар. Әзірге су деңгейі бір тәулікте 12 сантиметрге дейін өзгерді. Мұзы жарылып жатыр. Көлге құятын Қамысақты өзенінің деңгейі керісінше 89 сантиметрге төмендеді. Сергеев су қоймасынан екі күннен бері су асып-төгіліп жатыр. Бір тәулікте ернеуден төгілу деңгейі 119 сантиметрге жетті.

Бұған дейін Ақмола облысында бірнеше ауылды су басқанын жазған болатынбыз.