Жаңа қаулы: әуежай мен вокзалға жолаушыларды шығарып салушылар кіргізілмейді
Жаңа қаулы: әуежай мен вокзалға жолаушыларды шығарып салушылар кіргізілмейді

Қазақстанда «қызыл» аймақта орналасқан өңірлерде жолаушыларды шығарып салушылар мен күтіп алушылар әуежай мен теміржол вокзалына кіргізілмейді.

Тиісті қаулыға көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Жанар Оразалина қол қойды.

Оған сәйкес, коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта тұрған өңірлерде әуежай мен теміржол вокзалы ғимараттарында жолаушыларды күтіп алушылар мен шығарып салушыларды кіргізуге шектеу енгізіледі.

Бүгін «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары тұр. «Сары» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары. «Жасыл» аймақта Қостанай және Түркістан облысы тұр.