Африкада жираф атып, зебра етін жеп жүрген қазақтар кім?
Африкада жираф атып, зебра етін жеп жүрген қазақтар кім?

Әлеуметтік желіде Қара құрлықта жираф атып, зебраның өлі денесін көлікке басып жатқан қазақтардың видеосы желдей есіп кетті.

Бір видеодан байқағанымыз ағылшын азаматымен бірге қазақ жігіті жирафты атып, оның өлі денесінің жанында қуанып тұрғаны көрсетіледі. Ал екінші видеода өлі зебраны көлікке басып жатқан қара нәсілділер бейнеленеді. Видеоға түсіріп тұрған қазақ болса, «кешке етін асып, қазы-қарта жейміз» деп қарқ-қарқ күледі. https://youtu.be/Jv-qCuRM88w   Аталған азаматтардың әзірге кім екені белгісіз. Сондай-ақ олар заңды аң аулап жүр ма, әлде жоқ па, ол жағы да беймәлім. Алайда қазақтардың зебра етін жейтіндігі көпшілікті таңғалдырып отыр.

Саятхан Сатылған