Жаңа заң: некесіз бала тапса да, оны әкесі асырайды
Жаңа заң: некесіз бала тапса да, оны әкесі асырайды
125
оқылды

АҚШ-тың Юта штатында жаңа заң қабылданды. Заңға сәйкес, кез келген келіншек аяғы ауыр кезден бастап, сәбиді дүниеге әкелгенге дейінгі аралықтағы бүкіл шығынның өтеуін ер-азаматтан талап ете алады.

Ол жерде келіншек нәрестенің әкесімен отбасылы немесе ерлі-зайыпты болуы міндетті емес. Бастысы, ол сәбидің әкесі екені дәлелденсе болғаны. Ондайда баланың әкесі шығынның тең жартысын төлеуі керек. Ал дәлел болмаса азаматтың шығынды төлемеуге құқы бар.

Егер келіншектің медициналық сақтандыруы болса, бұл шығын 4 500 доллар шамасында болады. Ал сақтандырусыз нәрестені туғанға дейінгі шығын 10 мың доллар екен. 

Өтемақы ер-азаматтан бірден алынбайды. Баланың анасы қажет деп тауып, ер-азаматтан көмек сұраса ғана шығынды өтейді. Әзірге бұл заңды бәрі бірдей қолдап отырған жоқ. Соған қарамастан 5 мамырдан бастап заң күшіне енеді.