Шикі 40 кәуап ұрлаған тұрғын ұсталды
Шикі 40 кәуап ұрлаған тұрғын ұсталды
97
оқылды

ІІМ-нің ресми сайты хабарлағандай, 36 жастағы кафе иесі полицияға болған оқиға туралы хабарлады.

Ол түнде біреу мекемеге кіріп, тоңазытқыштан шикі кәуаптың 40 таяқшасын ұрлап кеткенін айтты. Шығын көлемі – 35 мың теңге. Полиция күдіктіні тапты. Ол 32 жастағы Алматы қаласының тумасы болып шықты.

"Ұры өз кінәсін мойындады. Ол ғимаратқа қақпа торларының арасынан кіргенін айтады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр", – деп хабарлады полицейлер.