Бұрынғы әйелінің жылқысын ұрлап, сатып жіберген тұрғын ұсталды
Бұрынғы әйелінің жылқысын ұрлап, сатып жіберген тұрғын ұсталды

Түлкібас АПБ-на жергілікті тұрғын ауласынан ұрылар 1 жылқысын алып кеткені туралы арызданған. Полицейлер деректі Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі – 400 мың теңге. Ұрлықты ашу үшін Түлкібас АПБ-нен аса тәжірибелі полицейлерден жедел тергеу тобы құрылды. Полицейлер барлық аймақтағы қора-қопсы, жайылымды түгел тінтіп шықты. Нәтижесінде, полицейлер жергілікті тұрғынды ұстады. Аудандық полиция бөліміне жеткізді. Тергеу барысында күдікті жәбірленушімен бұрын азаматтық некеде тұрғаны анықталды. Күдікті ұрлықты әдейі жасағанын мойындады.

Жылқыны танысына 170 мың теңгеге сатып жібергені анықталды. Полицейлер ұрланған жылқыны тәркілеп, әйелге қайтарып берді.