Азия чемпионаты: әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы екі алтын алды
Азия чемпионаты: әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы екі алтын алды
Бүгін Алматы қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасында бес салмақта жеңімпаздар анықталды. Токио Олимпиадасы жолдамасының иегерлері Валентина Исламова-Брик пен Эльмира Сыздықова Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына өтті. В.Исламова-Брик 50 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Жасмин Иммаеваны  мерзімінен бұрын жеңіп, алтыннан алқа тақты. Э.Сыздықова 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алғашқы белдесуінде қырғызстандық Айпері Медетқызына 1:6 есебімен есе жіберді. Жартылай финалда үндістандық Пуджи Пуджидан басым түсті.  Айша Уәлишан 55 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды. Осылайша, әйелдер арасында жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасы екі алтын, бір қола медальге ие болды.