Қаржылай көмек көрсетті

Қаржылай көмек көрсетті

«Nur Otan» партия­сының Ұйғыр аудандық филиалына Шонжы ауы­лы Табылғанов кө­ше­сіндегі №50 үй тұрғыны Шарапатхан Қабаева келіп, партиялықтардан көмек сұрады. Ол әңгіме бары­сында немересіне бүйрек ауруына байла­нысты бірнеше рет Алматы, Нұр-Сұлтан қа­ла­ларында ота жа­сал­ғанын, алда тағы да емі­не қаражат қажет бо­ла­тынын айтты.

 Артынша тез арада өтініш иесінің мәселесі бойынша тиісті шаралар қабылданып, оның өтінішін орындау мақсатында аудандық мәс­лихат депутаттарының қатысуымен Ш.Қабаева­ның жеке тақырыптық қабылдауы ұйым­дастырылды. Аталған мәселе бойынша «Nur Otan» пар­тиясы Ұйғыр аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Нұров тұрғынға жәрдемдесу жұмыстарын жеке бақылауына алды. Аудандық мәслихат депутаттары азаматтың өтінішін орындау мақсатында оған 1 миллион теңге қаржылай сертификат табыстады. Шара­пат­хан Қабаева өтінішін аяқсыз қалдырмаған партиялықтарға алғысын жеткізді.

А.ЖАСАН