Тек қана оңтүстік пен батыста ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай болады. «Қазгидрометтің» мәліметінше, таулы аймақтарда тұман, желдің күшеюі мүмкін.
Атап айтқанда, Жамбыл, Түркістан облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысында тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с артады. Алматы облысының Алакөл аймағында жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, түнде және таңертең Маңғыстау, Атырау облыстарында тұман болады.