Жексенбі күні Шымкентте 10 сағат жарық болмайды
Жексенбі күні Шымкентте 10 сағат жарық болмайды

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың айтуынша, бұл Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысындағы электр желілерінің орнын ауыстыру жұмыстарына байланысты болып отыр. Бұл туралы otyrar.kz жазды.

Сондықтан 18 сәуір күні сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін қаладағы Отырар, Солтүстік, Сайрам, Шығыс, Азат, Мирас, Ұлағат, Нұрсат, Спорт, Наурыз, Шапағат, Солтүстік-Шығыс, Тараз, Бам шағынаудандары мен Д. Қонаев, Тәуке хан, Қазыбек би, Ғ.Іляев, Адырбеков, Жібек жолы, Т.Рысқұлов, Ұ. Арғынбеков көшелерінде жарық толық сөндіріледі. Жергілікті билік тұрғындарды алдын ала қамдануға, бұл мәселеге түсіністікпен қарауға шақырады.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов: «Біріншіден, мүмкіндігінше, қалатұрғындарына ыңғайлы етіп жасауға тырыстық. «Оңтүстік Жарық Транзинт» компаниясымен келісе келе соны жексенбі күнге қойған дұрыс деп санаймыз. Екіншіден, мынау қазір эпидемиологиялық жағдайға байланысты бізде шектеулер көп. Осы жексенбі күнге байланысты. Бастапқыда біз жарықты екі күн қатарынан, жарты күннен өшіреміз бе деп ойлап едік. Бірақ жан-жақты сараптай келе сол бір күн, яғни тек жексенбі күні өшіруді шештік», – дейді.