Оқиға бүгін таңғы сағат 7-лер шамасында болған. Көпірдің үстінде отырған әйелдің видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға таңғы сағат 6:49-да болған.«102 «пультіне қоңырау шалған куәгер, Абай даңғылы мен Шаляпин көшесі арасындағы жаяу жүргіншілер көпірінің төбесіне жас қыздың шығып алып, өзін-өзі өлтірмек болғанын айтты. Оқиға орнына полицейлер жылдам жетті. 1996 жылғы келішектің мұндай қадамға баруына отбасындағы жанжал себеп болған. Ол күйеуімен ренжісіп қалған, – дейді полицейлер.