Жолдың қақ ортасында төбелескендер жазаланды
Жолдың қақ ортасында төбелескендер жазаланды
99
оқылды

Мониторинг барысында Бөгенбай батыр даңғылы бойында «Газель» және «Мерседес» маркалы автокөлік жүргізушілері төбелескені анықталды.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша, жүргізушілер бір-біріне жол бермей, жанжалдасқан. Төбелескендердің барлығы полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оқиғаға қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер қауіпсіздік үшін жол ережесін сақтауға шақырады.