Кеше Ғашықтар күнінде екі жас отау құрды (видео)

Кеше Ғашықтар күнінде екі жас отау құрды (видео)

Кеше Ғашықтар күнінде Астанадағы «Нұр Әлем» павильонында  екі жас үйленді. AstanaTV-ның хабарлауынша, жастар үйлену тойын, дәл 15 сәуір – Қошы-Көрпеш пен Баян-Сұлу күніне орай өткізбек болған.

 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ASTANA / НОВОСТИ / АСТАНА (@astanovka98)

Карантиндік шектеулерге байланысты бүгінгі күнге дейін бұл павильонда 9 жұп үйленіпті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алайда жастардың Ғашықтар күнінде үйленуі бірінші рет болып отыр. Бұйырса, болашақта бұл үрдіс дәстүрге айналар деп үміттенеді АХАЖ қызметкерлері.

– Шынын айтсам, бұрын мектепте оқып жүргенде не болмаса студенттік шақта мұндай мерекенің барын білмедік. Ол кезде негізінен Ғашықтар күні деп 14 ақпанды атайтынбыз. Қазір уақыт өте біздің мереке "15 сәуір – Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні" екенін түсіндік. Бірақ әлі де халықтың санасына әлі сіңе қоймады. Сондықтан бұл күнді жастар осылай атап жатса, жақсы ғой. Лайым, бүкіл халық болып ғашықтар 2-3 күн бұрын дайындалатындай үлкен мерекеге айналсын!» дейді волонтер, әлеуметтанушы Айдана Мақышева.