Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын Есенғали Раушановтың қазасына байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Жеделхатты президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялады.
«Есенғали Әбдіжаппарұлы бірқатар газет-журналдарда қызмет жасап, рухани-мәдени саланың өркендеуіне үлес қосты. Ширек ғасырдай уақыт бойы "Жазушы" баспасының директоры болып, қазақ әдебиетінің құнды дүниелерінің жарыққа шығып, халыққа кең таралуы жолында мол еңбек сіңірді. Ақын ретінде қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Өр рухты өлеңдері мен поэмалары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», - делінген жеделхатта.Бұған дейін ақын Есенғали Раушановтың қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.