Мешіт терезесін сындырып, садақа жәшігін тонап кетті
Мешіт терезесін сындырып, садақа жәшігін тонап кетті
112
оқылды

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылындағы мешіттегі садақа жәшігіне ұры түсті. Бұл жөнінде аудандық полиция бөліміне мешіт имамы хабарлаған.

Имамның сөзіне сүйенсек, түн жарымында белгісіз адам мешіт терезесін сындырып, садақа жәшігіне жиналған ақшаны ұрлап кеткен. Аталған дерекке қатысты аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, 32 жастағы Түркістан облысының тұрғынын қолға түсірді. Күдікті өз кінәсін толықтай мойындап, қазір уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы