Шымкенттің бас дәрігері инфекциялық ауруханадағы жағдайды көрсетті

Шымкенттің бас дәрігері инфекциялық ауруханадағы жағдайды көрсетті

Шымкенттің бас дәрігері инфекциялық ауруханада не болып жатқанын көрсетті.

Шымкент денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, Асар шағынауданында орналасқан инфекциялық ауруханада не болып жатқанын баяндайды.  Айтуынша, мұнда коронавирусқа шалдыққан науқастар жеткізіледі.
"Жан сақтау бөлімінде пациент көп, көбі 25, 30 және 40-тағы жастар. Қазір олардың жағдайы өте ауыр. Барлықтарыңызды коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға шақырамын. Вакцина тегін салынады", - дейді ол.
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Бакытжан Позилов (@bakhytzhan_pozilov)