Қазақстанда күн күрт суытып, аяз түседі
Қазақстанда күн күрт суытып, аяз түседі
Синоптиктердің болжауынша, алдағы демалыс күндері ауа райы бірқатар өңірлерде күрт суытады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
«Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр жауады. 19 сәуірде солтүстік және орталық аймақтарға Скандинавия түбегі аудандарынан суық антициклон келуіне байланысты жаңбырдың соңы қарға ұласадыы, түнде ауа температурасы 5-12 градусқа дейін төмендейді, сондай-ақ көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Республиканың кей жерлеріне тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік жартысында күн күркірейді», делінген болжамда.
17 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ертең түнде және таңертең Ақтауда тұман түсуі мүмкін. 17 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. 17 сәуір күндіз, 18-19 сәуірде тәулік бойы Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. 18-19 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 18 сәуірде күндіз Таразда найзағай жарқылдайлды. 18 сәуірде күндіз, 19 сәуірде тәулік бойы оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 19 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаңбыр жауып соңы қарға ұласады, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады, тұман түседі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күрт төмендеп, түнде минус 7-12 градус, күндіз 0, -5 градусқа дейін болады. 19-20 сәуірде Қарағанды облысының кей жерлерінде жауын жауып соңы қарға ұласады, көктайғақ болады, тұман түседі, 20 сәуірде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с жетеді. 19 сәуірде түнде ауа температурасы 3 градус аязда 2 градус жылыға дейін күрт төмендейді. 20-21 сәуірде түнде 7-12 градус аяз болады. 20 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жауын жауып соңы қарға ұласады, көктайғақ болады, тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді. 20 сәуірде ауа температурасы күрт төмендейді, түнде 2-7 градус аяз, күндіз 3 градус аяздан 2 градус жылыға дейін болады. 21-22 сәуірде түнде 5-13 градус аязға болуы ықимал. 19 сәуірде күндіз Ақтөбе облысында ауа температурасы төмендеп 5-10 градус болуы мүмкін. 20 сәуірде түнде 3-8 градус аяз, күндіз 2-7 градус жылы болады. 19 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болып, екпіні 25 м/с жетеді. 19 сәуірде түнде Қостанай облысының кей жерлерінде жауын жауып соңы қарға ұласады, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, тұман түсуі мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с болып, екпіні 23 м/с жетеді. 19 сәуірде ауа температурасы күрт төмендеп түнде 3-8 градус аяз, күндіз минус 3 градустан 2 градус жылы болады. 19 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде жаңбыр соңы қарға ұласады, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады, тұман түсуі мүмкін. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде күрт төмендеп 5-10 градус аяз, күндіз 0, -5 градус суық болады. 19 сәуірде Павлодар облысының кей жерлерінде жаңбыр соңы қарға ұласады, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады, тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с жетеді, екпіні 23 м/с. Ауа температурасы күрт төмендеп түнде 2-7 градус аяз, күндіз 0, -5 градус суық болады. 20-21 сәуірде түнде 7-12 градус аяз болады. 20 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетіп, екпіні 23-28 м/с болады. 20 сәуірде түнде ауа температурасы күрт төмендеп 2-7 градус болады. 21 сәуірде түнде кей жерлерінде 3 градус үсік жүреді.