Нұр-Сұлтанда көлігіне "тапсырыспен кісі өлтіру" деп жазып алған жүргізуші ұсталды
Нұр-Сұлтанда көлігіне "тапсырыспен кісі өлтіру" деп жазып алған жүргізуші ұсталды
Нұр-Сұлтанда "тапсырыспен кісі өлтіру" деген жазуы бар көлік жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлады қалалық Полиция департаменті. Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде бақылау жүргізіп,  көлікті бір сағат ішінде анықтады.
"Жүргізушінің айтуынша, артқы әйнегінде "тапсырыспен кісі өлтіру" деген жазуы бар көлікті бір ай бұрын Петропавлда сатып алған. Бірақ, жазуды өшірмеген. Құжаттарды тексеру кезінде 27 жастағы жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды", - деп хабарлады ведомстводан.
Құқық қорғау органдары жүргізушінің кешірім сұраған видеосын жариялады.  
"Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін әрекеті және көлік жүргізу құқығы жоқ бола тұра тізгінге отырған жүргізуші 590-баптың 5-бөлігі "көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" және 612-баптың 2-бөлігі "көлік құралын құжатсыз және басқару құқығы жоқ адамның басқаруы" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.
Көлік коммуналдық тұраққа қойылды, жүргізуші жазуды сол жерде өшірді.