Қазақстанның Түркиядағы елшісі коронавирус жұқтырды

Қазақстанның Түркиядағы елшісі коронавирус жұқтырды

Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы коронавирус жұқтырды. Бұл туралы қазақстандық дипломат Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Құрметті достар, екі апта үйде қатты ауырып жаттым. Үш рет PCR-тест тапсырдым. Бірақ ештеңе шықпады. Бүгін өкпе томографиясын түсіріп едім, өкпем қабынып, ковид болғанымды білдім. Аман болайық. Ауырмаңыздар», - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, Абзал Сапарбекұлы Қазақстанның  Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне 2017 жылдың сәуірінде тағайындалды.