Жамиля Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Жамиля Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Алматыда әйелдер арасында Азия чемпионаты мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күнінде қазақстандық балуан Жамиля Бақбергенова қоржынға күміс жүлдені салды. 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен ол жарыстың күміс жүлдесін моңғолиялық балуанмен сарапқа салды. Цевегмед Енхбаяармен өткен белдесу 9:2 есебімен отандасымыздың еншісіне шешілді.  Жамиля Бақбергенова Olympic.kz сайтына жарысқa қатысты пікірімен бөлісті.
"Өкінетінім, үндістандық балуанға есе жіберіп қойдым. Жеңімпаз атануға да мүмкіндік болған еді. Чемпион боламын деп ойлаған болатынмын. Күрес барысында шаршап қалдым. Жарыстағы нәтижеме көңілім толмайды. Енді алда бір лицензиялық турнир бар. Оған құрамадан кімнің қатысатынын бапкерлер шешеді", – дейді Жамиля Бақбергенова.
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын 2 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлдемен аяқтады.