Қаржы полициясы киімін киіп, TikTok түсірген блогер Полиция басқармасына жеткізілді
Қаржы полициясы киімін киіп, TikTok түсірген блогер Полиция басқармасына жеткізілді
131
оқылды
Ескі үлгідегі Қаржы полициясы киімін киіп, TikTok түсірген 22 жастағы астаналық жазаланады. Нұр-сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында ескі үлгідегі Қаржы полициясы формасын киіп билеген TikTok-блогердің бейнежазбасы анықталғанын хабарлады.
«Азамат өзінің іс-әрекетімен құқық қорғау органдарының қызметіне қоғамның теріс көзқарасын тудырды. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздері бар киімді заңсыз пайдаланды. Осы арқылы мемлекеттік рәміздерге құрметсіздігін білдірді», – деді полициядан.
Блогер Есіл ауданының Полиция басқармасына жеткізілді. Ұсталған 22 жастағы адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 675-бабы «Айырым белгілері және (немесе) нышандары бар әскери киімді, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүру (пайдалану)» бойынша әкімшілік іс қозғалды. Қазір оның есірткіні насихаттауға бағытталған  фотосуреттері зерттеліп жатыр.