Жамбыл облысында мешіт терезесін сындырып, садақа жәшігін тонаған күдікті ұсталды
Жамбыл облысында мешіт терезесін сындырып, садақа жәшігін тонаған күдікті ұсталды
235
оқылды
Жамбыл облысында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Т. Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көкдөнен ауылының мешіт имамы xабарласып, түнгі уақытта белгісіз адамдардың мешіттің ішіне терезесін сындырып кіріп, садақа жәшігінен жиналған ақшаны ұрлап кеткенін хабарлады. https://youtu.be/tn9l5WIOkIo Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 32 жастағы Түркістан облысының тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.