«Арселор Миттал Теміртау» жұмысын тоқтата ма?
«Арселор Миттал Теміртау» жұмысын тоқтата ма?
137
оқылды

Экология министрлігі наурыз айында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ конверторлық цехынан ластаушы заттар шығуына байланысты осы кәсіпорынға жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын. Себебі ақпан айының соңында әлеуметтік желіде зауыттан қызғылт түтіннің шығып жатқаны туралы бейнеролик пайда болып, көп ұзамай Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті атмосфераға зиянды қалдықтар рұқсат етілген нормадан көп таралғанын анықтаған.

Тексеру кезінде Қарағанды облысы бойынша Экология департаментінің комиссиясы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ кәсіпорнынан бөлінетін газдарды та­­­­зарту жүйесін пайдалану қағи­дасы бұзылғанын көрген. Яғни, тех­­­­но­логиялық жабдықтары әбден ес­кірген. Осыған байланысты №2 конвертер мамыр айына дейін жұ­мысын тоқтатып, күрделі жөн­деу­ге жіберіледі. Жалпы, зауыттағы сегіз цехтың жетеуінен ақау шығып­­ты. Бу айдау, аг­ломера­циялық, кокстық, сондай-ақ әк күйдіру, оттегі-кон­вертерлік және көмір дайындау цехы талапқа сай емес. Жоғарыда аталған барлық факті мен экологиялық талап­тардың орындалмауы Эколо­гиялық ко­декстің 69-бабы, 3-тар­ма­ғының бұзылғанын ай­­­ғақтап отыр. Онда «Табиғатты пай­даланушылар қо­р­шаған ортаға эмиссияға рұқ­сатта көрсетілген шарттарды орындауға міндетті және оларды сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты бо­лады» делінген. Жүргізілген тек­серу қорытындысы бойынша, Экология министрлігі «Арселор Миттал Теміртау» кәсіп­орнына айыппұл салған. Одан бөлек, кә­­­сіп­орынға сомасы шамамен 1 млрд теңгеден асатын залалды өтеу туралы нұсқау жіберіліпті. Егер «Арселор Миттал Теміртау» цех­тарын қайта жөнге келтірмесе, қызметін толығымен тоқтатуы мүмкін. Бұл тұста кәсіпорынның вице-президенті Виджай Гоял алдағы төрт жылда қалдық көлемін кем дегенде 30 пайызға азайтып, ав­томаттандыруды қамтамасыз етуге және Теміртау қаласында 500 мың ағаш отырғызуға уәде бергенін айта кеткен жөн.

Мадияр ТӨЛЕУ