Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының Саяси кеңес бюросының отырысы өтті.
Эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн форматта өткен жиынның күн тәртібінде бастауыш партия ұйымдарының есеп беру жиналыстарын, өңірлік және аумақтық филиалдардың конференцияларын өткізу кестелері бекітілді. Филиалдың сайланбалы органдары (Саяси кеңес, Саяси кеңес бюросы, бақылау комиссиялары) мен БПҰ төрағаларының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 19 сәуір мен 14 мамыр аралығында партиялық жиындар өткізіледі. Қазір партия филиалының қатарында 306 БПҰ, оның 37 мыңнан астам партия мүшесі бар. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша құрылған 11 қоғамдық кеңестің төрағалары мен құрамы бекітілді. Кеңес төрағасы депутаттар – мәслихаттағы партия фракциясының мүшесі, көшбасшылар. Филиал басшысы қоғамдық кеңестерге партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасының орындалуын бақылауды тапсырды. Оның ішінде қаланы дамытудың 13 негізгі басым бағыты кірді. Бағыттардың басым бөлігі қолжетімді тұрғын үйлер, оқу орындар, медициналық орталықтар құрылысын жүргізу, газдандыру жұмыстарын жүргізу, шет аймақтарды дамыту, жол-инженерлік инфрақұрылым, шағын және орта бизнесті қолдау және тағы басқалар. Жиында филиал төрағасы жиынға қатысқандарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. Өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамын бекіту аясындағы отырыстар өзге аймақтарда да жалғасын тапты. Алматы облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы А.Баталовтың төрағалығымен облыстық Саяси кеңес бюросының отырысы өтті. Күн тәртібіндегі партиялықтар бірнеше сұрақ бойынша бюро мүшелерінің дауыс беруімен құжаттар, кестелер бекітілді. Атап айтсақ, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының XХVIII есеп беру-сайлау конференциясын шақыру, күн тәртібін және делегаттарды сайлау жөніндегі квота, сонымен қатар біздің облыстық Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша аймақтық қоғамдық кеңестердің төрағаларын, құрамдарын және ережелерін бекітіп, алдағы мақсаттары анықталды. Назарларыңызға сала кетсек, партияның Саяси кеңес бюросының шешімімен таратылған партиялық кураторлар институтының орнына «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарының іске асырылуын бақылау бойынша 14 республикалық қоғамдық кеңес құрылды.Кеңестің міндеті мен мақсаты айқын
Алматы облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева өз сөзінде: «Кеңестің міндеттері мен мақсаты – партияның Сайлауалды бағдарламасын сапалы іске асыру және әр бағытты уақытылы бақылау. Коғамдық кеңестердің ережелеріне сәйкес, отырыс әр тоқсанда бір рет өткізіледі. Кеңестердің сапалық құрамында әйелдердің 30 % және 35 жасқа дейінгі жастардың 20 % құрамы ескерілді. Кеңес құрамына басқа ұлт өкілдері және партия жақтастары енгізілді. Жалпы, кеңестердің құрамына мәслихат депутаттары, кадрлық резервте тұрған кандидаттар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері енгізілді» деп атап өтті. Атап айтсақ, қоғамдық кеңес төрағаларына келесі азаматтар бекітілді: өңірлік даму бойынша – Руслан Қожасбаев, аграрлық сектор бойынша – Елдос Үшкемпіров, экономиканы дамыту және кәсіперлікті қолдау бойынша – Гүлмира Ахметова, отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша – Серік Мұқанов, білім мен ғылымды дамыту бойынша – Гүлжан Ерубаева, ұлт денсаулығы мәселелері бойынша – Гүлнәр Құраметова, мәдениет пен өнерді дамыту Miras қоғамдық кеңесіне – Нүсіпбай Абдрахим, экология мәселелері бойынша – Мұрат Аубакиров, жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша – Әсет Қыдырманов, жастарды қолдау бойынша – Әсел Төлепбергенова, партияның бақылау комиссиясы бойынша – Қуат Баймырзаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесіне Римма Салыкова жетекшілік етеді. Соңғы қаралған сұрақ, ол облыстық және аудан-қалалық партия филиалдарының Саяси кеңес бюро отырыстарының және бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстарының, есеп беру-сайлау конференцияларын өткізу кестесі бекітілді.Қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді
«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы Саяси кеңес бюросының отырысында да «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің жаңа басшылары мен құрамы бекітілді. Мәселен, партиялық бақылау комиссиясы 11 адамнан тұрады, олардың қатарында Алматы қалалық мәслихатының депутаттары арасынан беделді және танымал нұротандықтар мен қоғам қайраткерлері бар. Олар: саясаттанушы Марат Шибұтов, журналист Лев Тараков және тағы басқалар. Ал комиссияны басқару құқығы депутат Әміржан Нәбиевке сеніп тапсырылды. Оның депутаттық корпус бойынша әріптесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Зәуреш Өмірбаева Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесті басқарады, оның құрамында 13 алматылық нұротандық бар. Олардың ішінде Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев, Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ренат Бекбергенов, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының Алматы қалалық филиалының басшысы Қанат Өскенов және басқалар бар. «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев өз сөзінде барлық партиялық бастаманың орындалуына және Алматы аумағында мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына нақты бақылау жасау керегін айтты. Шымкентте «Nur Otan» партиясы жанындағы 10 қоғамдық кеңес партияның сайлауалды бағдарламаларының орындалу мониторингін қамтамасыз етеді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен қалалық партия филиалының Саяси кеңесі бюросы отырысында мәлім болды. Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әр өңір, қала және аудан үшін «Nur Otan»-ның 217 сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша егжей-тегжейлі Жол карталары бекітіліп, оған жауапты депутаттар мен орындаушылар белгіленген. Жылдарға және нақты іс-шараларға бөлінген 80 мыңнан астам индикаторға қол жеткізу көзделіп отыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында партия қоғамдық кеңестерінің жұмысы жүйелі түрде қайта құрылымданды. Саяси кеңес бюросының шешімімен таратылған партиялық кураторлар институтының орнына «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарының іске асырылуын бақылау бойынша 13 республикалық қоғамдық кеңес құрылды. Осыған сәйкес, Шымкентте қалалық партия филиалы жанынан аталған кеңестердің қалалық құрамы жасақталды. Олардың құрамына партия депутаттары мен белсенді мүшелерінен бөлек, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, жалпы қоғамдық пікір көшбасшылары және басқа да азаматтар кірді. Әрбір кеңес партия сайлауалды бағдарламасының нақты бір бағытымен айналысады. Өзге де аймақтарда өткен отырыс барысында «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар күшейтілетіні айтылды. Осыған байланысты партия филиалы жанындағы қоғамдық кеңестердің саны артып, құрамына өңірлерге беделді азаматтар енгізіледі.Әбілмансұр ЖАСАН