«Шахтерге» жаңа бапкер келді
«Шахтерге» жаңа бапкер келді
110
оқылды

Ресейлік маман Магомед Адиев қарағандылық «Шахтер» команда­сының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды.

«Шахтер» футбол клубы мәлім еткеніндей, 43 жастағы маман «Нижний Новгород», «Ахмат» (Грозный), «Анжи» (Махачкала), «Чайка» (Песчанокопское) сияқты командаларда жұмыс істеген. Футболшы ретінде ЦСКА (Мәскеу), «Анжи», «Сокол» (Саратов), «Жеңіс» (Нұр-Сұлтан), «Терек» (қазір «Ахмат»), «Кривбасс» (Кривой Рог) және «Нижний Новгород» клубтарында доп тепкен. Ресей олимпиадалық құрамасы сапында төрт матч өткізіп, екі гол соқты. 2004 жылы «Теректің» құрамында Ресей кубогын иеленді. Сондай-ақ екі мәрте (2004, 2007) Ресей чемпионаты бірінші дивизионының жеңімпазы атанды. Айта кетейік, Магомед Адиев «Шах­терде» Али Алиевті алмастырды.

Абылайхан ЖҰМАШ